Ата-аналарға
Балалардың дене белсенділігі
Жаз – түрлі спорттық ойындар мен ептілік, үйлесімділік және төзімділік сияқты негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытуға арналған тамаша уақыт. Ойын арқылы балалар ережелерді сақтауды және құрдастарымен қарым-қатынас жасауды үйренеді, сонымен қатар белсенді әрі салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын сақтап қалады.