Тілге бойлау
«Менің сүйікті ертегілерім» атты театрландырылған қойылым
«Тілге бойлау» бағдарламасы аясында балабақшамызда «Қазақ тілін ойнай отырып үйренеміз» атты қазақ тілі апталығы өтуде. Бүгін «Менің сүйікті ертегілерім» атты театрландырылған ойын қызықты әсер қалдырды. Ойын барысында балалар өздеріне таныс ертегі кейіпкерлеріне айналып, шағын көріністер көрсетіп, қазақша сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, ерекше әсерге бөленді. Театрлық іс-шаралар оқушылардың сөйлеуін, қиялын, коммуникативті дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.